RU
Головкиннің келесі қарсыласы кім болмақ?
Жаңалықтар Әлемде

Головкиннің келесі қарсыласы кім болмақ?

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин келесі кезекте кіммен жұдырықтасуы мүмкін екені белгілі болды. Бұл жөнінде оның бапкері Абель Санчес пікір білдірді деп хабарлайды sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Мексикалық жаттықтырушының айтуынша, Головкиннің келесі қарсыластары ретінде Мурат Гассиев, Даниель Джейкобс, Джермелл Чарло және Сергей Деревчянченко қарастырылуы әбден мүмкін.

Оған қоса, Абель Санчес қыркүйекте Альвареспен жек-жекпектің өтетініне үмітті екенін айтты. Жаттықтырушы бұл реванштың қаржы тұрғысынан емес, қойылған сұрақтарға жауап алу мақсатында қажет дейді.

"Бұл кездесудің болуына біріншіден жанкүйерлер лайықты. Олардың үмітін ақтамағандықтан, бокс сүйер қауымның құрметіне Головкин-Альварес жекпе-жегі болуы керек деп ойлаймын", - деп айтты Санчес.

Сөз соңында мексикалық бапкер Геннадий Головкин жаттығу жұмыстарына мауысым айында кірісетінін айтып қорытындылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
1
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір