RU
Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жол апатынан жүкті әйел мен бала зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Алматыда соқтығысып қалған автобустар кесірінен үш адам зардап шекті. Жол апаты салдарынан жүкті әйел мен бала жарақат алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Жол апаты Райымбек - Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, аялдама тұрған №50 автобус бүйірінен Өтеген батыр көшесінің солтүстік бағытынан келе жатып, Райымбек көшесіне бұрылған №43 автобус жүргізушісі қағып кеткен.

Оқиға нәтижесінде үш адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында жүкті әйел мен бала бар. Түрлі жарақат алған олар бірден ауруханаға жеткізілген.

Тіркелген оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel