RU

Жүргізушіге көмек қолын созған полицейлер әрекеті көпшілік ықыласына ие болды (видео)

Маңғыстау облысында төртінші мамырда жол-патрульдік қызметтің екі сержанты көлігі жүрмей қалған әйел адамға көмектеспек болып, көлік дөңгелегін ауысытырып берді деп хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Оқиға барысында түсірілген видео Instagram желісіндегі "На дорогах Актау" тобында пайда болған. Бейнеролик астында "мұндай қызметкерлерге Respect" деген жазба қалдырылған.

Сержант Жалғас Махамбетов пен Нұрғали Жұмажан автокөліктің дөңгелегін ауыстыруға көмектесіп, жүргізуші әйелді қиын жағдайда құтқарып қалды. Видеотіркегіштегі жазбаға қарағанда, оқиға 14-ші және 15-ші шағынаудандар арасындағы жолда, орын алды.

Желі қолданушылар полиция қызметкерлерінің нағыз ер адамға тән қылық танытқанын жазды. Көпшілігі "Жарайсыңдар!", деген пікір қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730779-zrgizusige-kmek-kolyn-sozgan-policejler-reketi-kpsilik-ykylasyna-ie-boldy-video.html