RU
Қазақстанда министрлер қандай спортпен шұғылданады?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда министрлер қандай спортпен шұғылданады?

Рассказать Вконтакте

Қазақсытандық министрлер әрдайым спорпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстауды құптайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Еліміздегі билік тізгінін ұстаған азаматтардың спорттың қай түрімен шұғылданатыны туралы ақпарат Отан қорғаушылар күніне орай жинақталған.

Сонымен, Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хоккей ойнайды. Еліміздің бас педагогі бұл спорт түріне аптасына екі күн арнайды екен.

Ерлан Сағадиев. Фото: edu.gov.kz

Ерлан Сағадиев. Фото: edu.gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кәсіби тұрғыда ешқандай спорт түрімен айналыспаса да, мүмкіндігіне қарай фитнес-орталыққа барып тұратынын айтты. Осы орайда министр мырза қазақстандықтарға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

Елжан Біртанов. Фото: almatymed.kz

Елжан Біртанов. Фото: almatymed.kz

Ал ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың спортқа қызығушылығы жоғары. Қазақстандық шенеунік жүгіреді, жүзеді әрі тартылады. Кейде дене формасын сақтау үшін түскі ас ішуге емес, фитнес-залға барады екен.

Дәурен Абаев. Фото: playbuzz.com

Дәурен Абаев. Фото: playbuzz.com

Әділет министрі Марат Бекетаевтың сүйікті спорт түрі маусымға қарай өзгеріп тұрады. Қыста әйелі және балаларымен бірге коньки тепсе, ал жаз мезгілінде жүгіру жолында уақыт өткізіп, денеге күш түсіретін жаттығулар жасайды.

Командалық ойындардың ішінде әріптестерімен бірге футбол алаңында доп "қуалағанды" жақсы көреді. Министрдің айтуынша, офистен тыс белсенділік қағаз жұмысынан біраз демалып, бой жазуға мүмкіндік береді.

Марат Бекетаев. Фото: ztb.kz

Марат Бекетаев. Фото: ztb.kz

Ал Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сүйікті спорт түріне қатысты жауабы тілшілерді таңғалдырды. Егер жас кезінде министр бокспен шұғылданса, қазір йога, фитнес және тай боксы — муай-таймен дене формасын бірқалыпта сақтап келеді екен.

Қанат Бозымбаев. Фото: ru.qamshy.kz

Қанат Бозымбаев. Фото: ru.qamshy.kz

Бозымбаев сүйікті спорт түрлерімен аптасына үш рет екі сағаттан айналысады. Сонымен қатар, халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті бос уақыты болып жатса, салт атпен серуендегенді жақсы көреді екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel