RU
Алматыда өрт сөндіргіш көлік 10 жасар қызды қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда өрт сөндіргіш көлік 10 жасар қызды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Шаңырақ-6 шағынауданында жолды кесіп өтпек болған 10 жасар қызды өрт сөндіру көлігі қағып кетті. Нәтижесінде жасөспірім тіл тартпастан мерт болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Екі жасөспірім қыз жолдан жүгіріп өтпек болғанда өрт сөндіру көлігі Қошқарбаев көшесінің бойында кетіп бара жатқан. Олармен бірге болған үшінші қыз жолға аздап кеш шыққан.

Арнайы көлік жылдамдығын бәсеңдетіп, қызға өтіп кет деп белгі береді. Бірақ ол жол ортасында тоқтап тұрып қалыпты. Көп өтпей-ақ қыз белгісіз себептермен қайта жүгіріп кеткен.

Жүргізуші оны қағып кетпейін деп рөлін солға бұрғанымен, жасөспірім артқы дөңгелектің астына түседі.

Нәтижесінде кішкентай қыз жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеруде.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
21
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір