RU
Бір жылда 23 қылмыс жасаған Қазақстан азаматы Ресейде қамауға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Бір жылда 23 қылмыс жасаған Қазақстан азаматы Ресейде қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық азамат Ресейдің Омск қаласында ұрлық жасап, алаяқтықпен айналысқан. Оның жәбірленушілерге келтірген шығыны миллион теңгеден асып кеткен. Бұл туралы om1.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: novostipmr.com

Көрнекі фото: novostipmr.com

Омскте қолға түскен 33 жастағы қылмыскер Валихановтың тұрғылықты мекен-жайы болмапты. Осыған қарамастан, азамат жеңіл жолмен ақша тауып, шетелде жайлы өмір сүрген. Әйелдерді қызыл тілмен алдап түсіріп, тіпті ер азаматтарды да өзінің айтқанына айнытпай сендіріп отырған. Ол адамдарға өзін көрші елден келген полиция қызметкері, көлік жөндеуші немесе сатушы ретінде таныстырады.

Бірнеше ай бұрын Қазақстандық бомж тәртіп сақшыларының қолына түскен. Тексере келе, оның 23 қылмысқа қатысы бары анықталды. Бүгінде алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel