RU

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Алматы қаласынан оңтүстікке бағытқа қарай 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

"ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 мамыр күні 06 сағат 44 минут 11 секундта жер сілкінісін тіркеген.

Мамандар зілзаланың Қытай аумағында болғанын айтуда.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.1 MPV тербелісі - 5.0. Тереңдігі - 10 шақырым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730804-almaty-maynda-zer-silkinisi-boldy.html