RU

Желіде банктің атын жамылып, "ұтыс ойынын" ұйымдастыратын алаяқтар көбейген

Instagram желісінде белгісіз біреулер Halyk Bank-тің атын жамылып, 350-700 мың теңге ұтысы бар ойынға қатысуға шақырған. Ол үшін ақылы түрдегі сауалнамаға жауап беруі керек екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бірнеше желі қолданушысы алаяқтарды сан соқтырып кеткенін айтып шағымданған.

"Бірінші ақша аударуды сұрап, ешнәрсе төлемейді. Құқық қорғау органдары осы парақшаларды тексеріп, ұйымдастырушыларын тапса екен", - дейді оқырман.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Ал банк өкілдері аталмыш парақшаға өздерінің еш қатысы жоғын айтуда.

"Алаяқтық парақшаларда Халық банкінің суреті қойылған. Тіпті банк формасында түскен қызметкерлердің суретіне дейін жарияланған екен. Бірақ мұндай ақпаратқа сеніп, ақшаны салудың қажеті жоқ", - дейді банк қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730819-zelide-bankti-atyn-zamylyp-tys-ojynyn-jymdastyratyn-alaaktar-kbejgen.html