RU
Павлодарда суға батқан балықшы ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда суға батқан балықшы ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Ертіс өзенінің Быструшка ағысында балық аулап отырған Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылдық аймағының тұрғыны зардап шекті деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 5 мамыр күні сағат 21.40-та Павлодар қаласының "112" нөміріне оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Кешкі уақытта балық аулаған азамат су деңгейінің көтерілгенін байқамай қалған. Жүзу құралдары болмағандықтан, ағашқа мінген. Бірден шұғыл түрде оқиға орнына Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты тұлғасы мен №7 құтқару бөлімінің құтқарушысы жүзу құралымен шықты. Алайда құтқарушылар жеткенге дейін сол маңайда жүзу құралымен балық аулап отырған жергілікті тұрғындар ер адамды ағаштан түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізген", - дейді департаменттегілер.

Құтқарушылар қазіргі таңда Шүлбі ГЭС-нен табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің нәтижесінде Ертіс өзені жағадан шығып, жайылым жерлерді су басатынын еске салады. Осыған байланысты әуесқой балықшыларға және су айдындары маңында демалуды ұнататын азаматтарға тәуліктің қараңғы кезіне дейін бөгелмеуді және судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
2
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel