RU

Үш жасар сәбиді түгін қалдырмай жеп қойған барыс елді шошытты

Шығыс Африканың Уганда ұлттық паркінде үш жасар сәбиді барыс жеп қойды деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: fotovsem.com
Фото: fotovsem.com: UGC

Жантүршігерлік оқиға 4 мамыр күні орын алған. Полиция қызметкерінің кішкентай ұлы көл жанындағы аңшы үйінде жүрген. Оған бала күтушісі қарап жүріпті.

Әйел үйден шыққан кезде артынан баланы еріп шыққанын байқамай қалады. Оның жылаған дауысын естігенде барыс бірден бас салып, сүйреп әкетіпті.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде баланың тек бас сүйегі табылған.

Енді адам жеген барысты тауып, адамдар қауіпсіздігі үшін атып өлтіретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730836-s-zasar-sbidi-tgin-kaldyrmaj-zep-kojgan-barys-eldi-sosytty.html