RU
Сарқырама жанында суретке түспек болған туристің аяғы тайып, құлап кетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Сарқырама жанында суретке түспек болған туристің аяғы тайып, құлап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

24 жастағы Субрат Наг достарын таңғалдырамын деп, Корапут маңындағы сарқырама жанында суретке түскен. Алайда ол жар басына жақындай бергенде аяғы тайып, құлап түскен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азаматты суретке түсіріп тұрған достары не істерін білмей абдырап қалған. Нәтижесінде жас жігіт 15 метрлік биіктіктен сырғып түседі.

Субраттың достары оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, жігіт әлі есін жимапты. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.

Мамандар мәліметіне сүйенсек, Үндістан - ерекше суретке түсемін деп мерт болатындар саны бойынша ең алдыңғы қатарлы мемлекет екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
2
3
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір