RU

Кәріз жүйесіне құлап кеткен 11 жасар баланы жолаушылар құтқарып қалды (видео)

Қытайдың Цзяншань қаласында болған қатты жауын салдарынан 11 жасар бала кәріз жүйесіне ағып кеткен. Оны жолдан өткен адамдар байқап қалып, көмек қолын созыпты деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суға құлаған бала арықтағы ағыс қатты болғандықтан, 150 метр қашықтыққа ағып кеткен. Оқиға куәгерлері оның артынан жүгіріп қуып, дереу көмекке кіріскен.

Абырой болғанда, жасөспірім дін аман күйінде үйіне оралды. Баланың денесі аздап көгеріп қалған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730843-kriz-zjesine-klap-ketken-11-zasar-balany-zolausylar-ktkaryp-kaldy-video.html