RU
Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресей Үкіметінің басшысы болуымен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресей Үкіметінің басшысы болуымен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресей Үкіметінің басшысы болуымен құттықтады

Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресей Үкіметінің басшысы болуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін. Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Д.Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel