Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асанәлі Әшімовтің жас келіншегі 81-ге толған жарына арнап жан тебірентер жазба арнады (фото)

Опубликовано:

Кеше, 8 мамыр күні қазақтың әйгілі актері Асанәлі Әшімов 81 жасқа толды. Осы атаулы күнге орай оның жұбайы Бағдат Әшімова актерге деген махаббаты туралы сыр шертетін ән жолдарына өзінің Instagram парақшасына жазып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Асанәлі Әшімовтің жанынан бір елі қалмай, үнемі қолтығынан демеп жүретін жұбайы Бағдат Әшімова бүгінгі күні онымен бірге Францияда жүр. Еуропа елдерін бірге аралап, саяхаттап жүрген ерлі-зайыпты желідегі парақшасына түрлі суреттерін жүктеуде.

Күні кеше, 8 мамыр күні 81 жасқа толған ел ағасына Бағдат Әшімова туған күнімен құттықтап, оған деген сезімін ән жолдарымен жеткізген.

"Бақытымның бастауын сізден көрдім,
Енді қалай мен енді төмендермін.
Енді жаным бәрі де әділетсіз,
Бізді бақсыз-бақытсыз дегендердің!", - деп жазып қойған ол.

Мұны көрген оқырмандардың оларға ұзақ ғұмыр тілеп, бақыттарының баянды болуына тілектестік білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730885-asanli-simovti-zas-kelinsegi-81-ge-tolgan-zaryna-arnap-zan-tebirenter-zazba-arnady-foto/

pixel