RU
Алматыда жеңгетайлардан қашып, көлік астына түскен қызға қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жеңгетайлардан қашып, көлік астына түскен қызға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық ІІД-де бірнеше күн бұрын Сүйінбай даңғылының бойында көліктен секіріп кетіп, жеңгетайлардан қашпақ болған бойжеткенге қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда жеңгетайлардан қашып, көлік астына түскен қызға қатысты жаңа дерек шықты

Алматыда жеңгетайлардан қашып, көлік астына түскен қызға қатысты жаңа дерек шықты

Полиция берген деректерге сүйенсек, 29 жастағы бойжеткенді 6 мамырда көлік қағып кетіп, кейіннен ол өзін күштеп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер туралы айтты.

«Н. есімді азаматтың арызы ҚР ҚК 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, ІІД-не жеткізілді. Жедел және тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Анықталғандай, 2009 жылдан бері ол жезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде есепте тұр. Оны тексеріс барысында бірнеше рет интимді қызмет көрсеткені үшін ұсталған болатын.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын желіде "Саяхат" автовокзалының маңында көліктен секіріп кеткен видеосы тарап кеткен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
6
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір