RU
Головкин-Мартиросян жекпе-жегі жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар Қоғам

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі жаңа рекорд орнатты

Рассказать Вконтакте

5 мамыр күні өткен Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросяннің жекпе-жегі жаңа рекорд орнатты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі жаңа рекорд орнатты

Головкин-Мартиросян жекпе-жегі жаңа рекорд орнатты

Жекпе-жектің екінші раундында GGG қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин кәсіпқой рингтегі 38-ші жеңісіне қол жеткізді. Одан бөлек, ол титуын қорғау бойынша рекордтық көрсеткішке жетті.

Бұл көрсеткіш америкалық Бернард Хопкинстің еншісінде еді. Енді екеуі де 20 реттен өз титулын қорғаған болып отыр.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми тобы соңғы жекпе-жектің рейтингі туралы мәлімет келтірді:

«НВО арнасындағы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның жекпе-жегі кабельдік телевизияда биылғы жылғы үздік рейтингті көрсетті: орташа алғанда 1,24 млн көрермен, шарықтау шегі 1,361 миллион».
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel