Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева: Әлия тірі болғанда менің концертіме келіп отырар ма еді

Опубликовано:

Роза Рымбаева Ақтөбе облысы Қобда ауданында концерт беріп, батырлығымен ел есінде қалған аңыз Әлия туралы сыр шертті деп хабарлайды «Тілші» газеті.

Роза Рымбаева: Әлия тірі болғанда менің концертіме келіп отырар ма еді
Роза Рымбаева: Әлия тірі болғанда менің концертіме келіп отырар ма еді: UGC

Көрермен оның батыр қыз туралы әнін ерекше ықыласпен тыңдады.

«Жалпы, еліміздің батысынан көп батыр шыққан. Таяуда Волгоградта концерт бердім. Сол жақтың әкімшілігі қазақ батырларына ескерткіш орнатты. Кеңес жауынгерлерінің арасында Қазақстаннан барған жастардың үлесі біршама. Және бір қызығы, олардың басым бөлігі Қазақстанның батыс өңірінен екен», — деді Роза Рымбаева Қобдадағы көрермен алдында.

Әнші батыр Әлия туралы көп мағлұмат жинағанын айтты.

«Әлияны» орындағалы ол туралы көп мағлұмат жинадым. Рас, қаршадай қыз жетім қалды. Балалар үйіне түсті. Тағдыры қиын. Ол жақтан әскерге барды. Небары 19 жасында қаза тапты. Мен осы «Әлия» әнін 42 жыл орындап келемін. Осы туындымен жарты әлемді араладым. Барлық жерде осы әнді айтамын. Сейдолла және Бәкір ағаларыма (Сейдолла Бәйтереков пен Бәкір Тәжібаев, «Әлия» әнінің авторлары — ред.) алғысым шексіз. Бұл ән әдемілігі жағынан қазіргі әндерге жол бермейді. Мен үшін батыр қыздың туған жерінде осы әнді орындау үлкен мәртебе», — деді Роза Қуанышқызы.

Роза Рымбаева: Әлия тірі болғанда менің концертіме келіп отырар ма еді
Роза Рымбаева: Әлия тірі болғанда менің концертіме келіп отырар ма еді: UGC

«Әлия» әнін ұйып тыңдаған көрермен орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

«Егер Әлия арамызда болғанда, бүгінде үлкен әжей болар ма еді?! Бәлкім, менің концертіме келіп арамызда отырар ма еді?! Бірақ, ол кезде ән де болмайтын еді. Жалпы, Әлияның ерлігі жастарға үлгі болу керек. Құдай сақтасын, ел басына күн туса, қолға қару алып, елін қорғайтын патриот жастар барына сенемін», — деді әнші Қобдада берген концертінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730904-roza-rymbaeva-lia-tiri-bolganda-meni-koncertime-kelip-otyrar-ma-edi/

pixel