RU
Ойым іске аспады: Дәурен Айдарқұлов екі әйелімен де тұрғысы келгенін ашық айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ойым іске аспады: Дәурен Айдарқұлов екі әйелімен де тұрғысы келгенін ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Жеке өмірі ел талқысына түсіп, танымал болған әзілкеш Дәурен Айдарқұлов алғаш рет елге өзінің жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Әзілкештің айтуынша, ол болған жайттың бәріне өзін кінәлайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бәріне өзім кінәлімін: Дәурен Айдарқұлов елге алғаш рет өзінің өмірі туралы ашық айтты

Бәріне өзім кінәлімін: Дәурен Айдарқұлов елге алғаш рет өзінің өмірі туралы ашық айтты

Өзінің Instagram парақшасында сұрақ-жауап өткізген ол оқырмандарының барлық дерлік сұрақтарына ашық жауап берген.

NUR.KZ оның бірқатар жауаптарын назарға ұсынады.

- Дәурен сәлем! Ақботамен неге тұрмайсыз?

- Қарсы.

- Неліктен қарсы?

- Басты себеп - бірінші жанұяның болуы.

- Қазір кіммен тұрасыз, жалғыз ба әлде ата-анаңызбен бе?

- Ата-анаммен.

- Неге Ақботаның тастап кеттіңіз?

- Тастаған жоқпын. Ондай ой да болған жоқ. Баян да, Ақбота да өздері кетті.

- Ақбота сізді несімен ғашық етті. Ол қазақтілді, қателеспесем сіз орыстілдісіз. Әдеміліктен басқа несіне қызықтыңыз?

- Білмеймін, іш жағымда бірдеңе бүлк етті.

- Ақботамен бірге тұрғаныңызды қалаймын. Бота қарсы болмаса қайта қосылар ма едіңіз?

- Әлі күнге дейін қосылайық деп жүрмін.

- Қай отбасыңызбен біргесіз?

- Ешқайсымен.

- Ақбота ма, әлде Баян ба?

- Екеуімен де бірге болғым келді, бірақ ойым іске аспады.

- Ақботаға үйленуіңіздің басты себебі неде? Баянмен не үшін ажырастыңыз?

- Басты себебі - шын ғашық болғанымызда және өзіміз бала болғанын қаладық. Ол баланың некелі отбасында дүниеге келуін қаладық.

- Ақботамен ортақ ұлыңызды көріп тұрасыз ба?

- Міндетті түрде. Оған ешнәрсе кедергі емес.

- Намаз оқисыз ба?

- Аллаға шүкір. Бес уақыт оқимын.

- Интернеттен оқып қалдым. Ақбота сізді хиджаб кигізгісі келді деді. Сол рас па?

- Жабық киінуді қалаймын дедім. "Киесің" деген жоқпын.

- Ақботаны жақсы көресіз бе?

- Иә.

- Неге кетті? Қателік кімнен деп ойлайсыз? Шын жауап беріңізші.

- Менімен болған жайттардың барлығына өзім кінәлімін. Жақсы болсын, жаман болсын - бәрі өзімнен...

Бұдан бөлек ол бірінші әйеліне үш бөлмелі пәтер сыйлағанын да айта кетті.

Бірінші әйеліме үш бөлмелі пәтер сыйладым. Екінщшісіне баспана алып бергім келеді. Бірақ әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан пәтерақысын төлеп беріп отырмын,"- деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
2
5
18
5
33
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel