RU
«Қазақконцерт» Ұлы Жеңіс күніне орай елордалықтарды таң қалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

«Қазақконцерт» Ұлы Жеңіс күніне орай елордалықтарды таң қалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

«Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Жеңіс туы, желбіре» атты концерт өткізілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Қазақконцерт» Ұлы Жеңіс күніне орай елордалықтарды таң қалдырды (видео)

«Қазақконцерт» Ұлы Жеңіс күніне орай елордалықтарды таң қалдырды (видео)

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған концерт оркестрдің сүйемелдеуімен нәзік әуеннен басталды. Бейбіт те, мамыражай тірліктегі балалардың ойынын зеңбіректер мен мылтық оғының дауысы бұзады.

Осы кезде ортаға шыққан сарбаздар балаларға пана болып, қан майданға бел шеше еніп, Отанына қорған бола білді. Осынау тарихтың сұрапыл шақтарын шебер актерлер көрерменнің көңіл төріне жеткізе білді. Қойылымдардағы әр фрагментке залдағы халықтың ду қол шапалағы осыған дәлел. Ұрыс сахнасы домбыра мен қобыздың қоңыр күйімен сүйемелденгенін айта кету керек.

Актерлермен бірге концертте эстрада жұлдыздары жанды дауыста өнер көрсетті. Майдан шебіндегі көріністерді әнмен әрлеген Алтынбек Қоразбаев, Жеңіс Ысқақова, Жеңіс Сейдоллаұлы, Медеу Арынбаев, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Тамара Асар және тағы басқа әншілердің өнері көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болды. Актерлердің әр қойылымы танымал әншілердің әнімен ұласып, залға лық толған халықтың көңіл пернесін дөп баса білді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы елордада эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Жеңіс туы, желбіре» атты концертке келетін меймандарға 700 билетті тегін таратқанын хабарлаған едік.

Билеттер «Қазақконцерт» МКҰ ұжымының соғыс және тыл ардагерлері қауымдастығы, Қазақстанның «Ардагерлер ұйымы», Астана қалалық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері», «Чернобыль ардагерлері», Қарттар үйі, «Шарапат» әлеуметтік қызмет орталығы, Астанадағы «SOS балалар ауылы» және балалар үйінің өкілдеріне берілген. «Қазақконцерт» бірлестігінің басшысы Жеңіс Сейдоллаұлы аталған ұйымдарға «Жеңіс туы, желбіре!» концертіне тегін билеттермен қоса, материалдық көмек те көрсетілетінін айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір