RU
ОҚО-да 94 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагері жерін "тартып алған" депутат туралы айтты (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да 94 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагері жерін "тартып алған" депутат туралы айтты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардегері өзіне тиесілі жерді облыс мәслихатының депутаты тартып алғанын айтып, жанайқайын жеткізді. Қарияның қызы бұл туралы бүгінгі мерекелік іс-шарада тікелей облыс әкіміне айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

Фото: NUR.KZ

94 жастағы қария бұл мәселемен талай есікті тоздырғанын жасырмады.

Анасын мүгедектер арбасына анасын отырғызған қызы Әзиза бұл туралы бүгінгі мерекелік іс шарада облыс әкіміне тікелей жеткізді.

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

Сегіз жылдан бері өздігінен жүруден қалған ардагер үшін мүгедектер арбасын емханадан алдырған екен.

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

Жайсыз арбада әзер отырған кейуана облыс әкімі жанына келгенде тіпті сөйлеуге шамасы келген жоқ. Қан қысымы көтеріліп кеткен ҰОС ардагеріне жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті.

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

ОҚО-да 94 жастағы қария өзінің жерін "тартып алған" депутатқа қатысты өз шындығын айтты

"Облыс мәслихатының депутаты Ордабасы ауданы Алтынтөбе ауылындағы анамның атындағы жерге көпе көрнеу қиянат жасап, тартып алды. Қайда барсаң, онда бар деп отыр. Сегіз жылдан бері ауру анама қарап, жұмыссызбын. Анамның атындағы жер жыртығымызға жамау болатын еді ғой. Анам да күйініп кетеді осындай бассыздыққа", - дейді ҰОС ардагерінің қызы Азиза.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
28
3
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір