RU
Ол - адам емес: Головкиннің экс-қарсыласы боксшы туралы өз пікірін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ол - адам емес: Головкиннің экс-қарсыласы боксшы туралы өз пікірін айтты

Рассказать Вконтакте

Америкалық боксшы кіші Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізген жағдайда кім жеңіске жететініне болжам жасады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Головкин үшінші раундта нокаутпен ұтады деп ойлаймын. Ол жігіт тым күшті, өте-мөте мықты панчер. Ал Сондерс — мүлде панчер емес. Айтпағым, Головкинге қарсы тұру үшін күш пен айла-тәсіл керек. Ол адам емес! Сондықтан ол жігітті жеңу үшін адам қабілетінен тыс күш пен жылдамдық керек. Жоқ, Сондерс одан ұзағырақ төтеп беретініне сенбеймін. Головкин күшті ғана емес, дәл соққы жасайтын панчер", — деді кіші Монро.

Естеріңізге сала кетейік, Сондерсте WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуі бар.

Головкинге орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болу үшін осы титул жетпей тұр. Британдық боксшы келесі жекпе-жегін Лондонда 23 маусымда отандасы Мартин Мюррейге (36-4-1, 17 КО) қарсы өткізеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel