RU
Головкин мен Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды
Жаңалықтар Әлемде

Головкин мен Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте болуы мүмкін. Келесі аптада қос тарап кездесу ұйымдастырып, күзде болатын реваншты талқылайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Головкин мен Альварес реваншы қашан болатыны белгілі болды

Головкин мен Альварес реваншы қашан болатыны белгілі болды

Кездесу болжам бойынша сенбі 15 қыркүйекте (Астана уақытымен 16 қыркүйекте) болады. Бірінші кездесу бір жыл бұрын дәл сол күні өткен еді.

Естеріңізге сала кетсек, әуелі 5 мамырға белгіленген реванш Альварестің допинг-сынамасына қатысты шудан кейін болмай қалған.

Реванштан Головкин 20 миллион табыс табуы мүмкін.

Алайда, кездесу тағы болмай қалса, Головкиннің қарсыластары Джермейл Шарло (27-0, 21 KO), Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO), Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) немесе Деметрий Андраде (25-0, 16 KO) болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
5
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel