Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жыл бойы үйінен шықпаған ардагер тұрмыс құрмағанына өкініп қалды

Опубликовано:

93 жастағы Лидия Яковлевна соғыс жылдарындағы ауыр жағдай мен қазіргі тұрмысын баяндап, өзінің 16 жыл бойы үйінде отырғанын айтады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

16 жылдан бері үйінен шықпаған ардагер тұрмыс құрмағанына өкініп қалды
16 жылдан бері үйінен шықпаған ардагер тұрмыс құрмағанына өкініп қалды: UGC

Лидия Яковлевнаның көзі нашар көреді, ал құлағы дұрыс естуден қалған.

Оның жанұясы Ресейден Шығыс Қазақстанға жер аударылыпты. Сол жерден оның әкесі майданға аттанған.

«Құдайға шүкір, әкем аман-есен оралды. Ол кезде мұндай ғажайыпты бәрі бірдей күтен жоқ. Бүгінде әкемнің фотосуретін «Бессмертный полк» қатарына басқа да қаһармандармен бірге қояды», - деді Лидия Яковлевна.

Оның айтуынша, әкесі 1971 жылы қайтыс болған. Екі жылдан кейін 1973 жылы миына қан құйылып анасы көз жұмған.

Соғыс басталғанда Лидия Яковлевнаның жасы 13-те болған. Соғыс кезіндегі балалармен бірге ол әрі оқып, әрі жұмыс істеген.

«Сол уақыттарда Қазақстан соғыс арсеналы болды. Біз шамамыз жеткенше сарбаздарға көмектестік. Халық ашықты, бірақ біз үшін сарбаздарды тамақтандыру маңызды еді. Семейде қатты аяз болғаны есімде, ал пима бәріне бірдей жете бермеді. Оны жасайтын бір ғана шебер бар еді. Байпаққа қол жеткізу сол кезде зор бақыт еді», - деп еске алды ол.

Оның айтуынша, соғыстың біткені сол кезде мүмкін еместей көрінген.

«Аш кезде іштей бірнәрсеге сену өте қиын еді. Бізге қаза туралы айтпайтын, жаман жаңалықтарды өте сирек еститінбіз. Ананың баласын, әйелдің жарын күтпейтінін шала-шарпы еститінбіз. Ол кезде әскери рухты көтеріп, жеңіске ұмтылу маңызды болды. Біз соғыстың балаларымыз, бұдан асқан қорқыныш жоқ. Ауыр да зарлы, сұм кездер», - деді ол.

Лидия Яковлевна тұрмыс құрмаған. Бар өмірін жұмысқа арнаған қарияға қазір құрбысы қарайласып тұрады.

Аяғы ауырған соң Лидия Яковлевна 16 жылдан бері көшеге шықпаған. Оны жалғыздықтан теледидар мен келімді-кетімді қонақтар құтқарады.

«Ұсыныс жасаған кезде тұрмысқа шығу керек пе еді, бірақ мен бас тартып, қазір жалғыз қалдым. Тіпті тырнақтарымды өзім ала алмаймын. Бейбіт аспандағы балалар, сендер қандай бақытты едіңдер. Осы еркіндікті, соғыссыз өмірді бағалаңдар», - деп сөзін аяқтады Лидия Яковлевна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730963-16-zyl-bojy-jinen-sykpagan-ardager-trmys-krmaganyna-kinip-kaldy/

pixel