RU
Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл болады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл болады

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, дауыл болады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, найзағай, шаңды дауыл, батыста бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанып отыр.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ түсуі мүмкін.

Қызылорда, күндіз Ақтобе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel