RU
91 тобынан басқа жігіттерді мерекемен құттықтаған отандық әнші сынға қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

91 тобынан басқа жігіттерді мерекемен құттықтаған отандық әнші сынға қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобының жігіттері Ninety One тобы мен Байзақова қарсы "науқанға" нүкте қояр емес. Олар желідегі парақшаларына түрлі жазба қалдырып, қызу талқылануда. Мәселен, бұл жолы топ мүшесі Ғабит 91 тобынан басқа қазақтың барлық жігіттерін мерекемен құттықтап, елдің ашуына тиген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл пікірін ол өзінің Instagram парақшасына жазған.

91 тобынан басқа жігіттерді мерекемен құттықтаған отандық әнші сынға қалды (фото)

Скриншот: Instagram/gabit_bibasyuly

"Ninety One-нан басқа қазақ жігіттерін мейрамдарымен құттықтаймын!", - деп жазып қойған ол.

Алайда оның бұл пікірін оқыған желі қолданушылары ашуға мініп, оны сынай бастады. Олардың көбі "Меломен" тобы жігіттерді сынау арқылы пиар жасаумен айналысып жатыр деген пікір айтты.

Еске салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын "Меломен" тобының жігіттері атышулы Жан Ахмадиевтің "жезөкшелерді" сабағанына қолдау білдіріп, Байзақова мен Ninety One тобының жігіттерін де қамшылап алуды ұсынған. Олардың бұл пікіріне қатты ашуланған Bala-ның ата-анасы топ өкілдерін сотқа беретінін айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel