RU
Медаль үшін ардагерді аяусыз сабап, өлтіріп кеткен ер адам жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Медаль үшін ардагерді аяусыз сабап, өлтіріп кеткен ер адам жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Одесса облысында қайғылы жағдай орын алды. Ұлы отан соғысының 93 жастағы ардагерін үйіне түскен ұры өлтіріп кетті. Ол қарияның соғыстағы ерең еңбегі үшін берілген медальдарын ұрлап кетпек болған деп хабарлайды УНИАН-ға сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Одесса облысының тұрғыны соғыс ардагерінің үйіне кіріп кетіп, оны аяусыз соққыға жыққан. Зейнеткерді тауып алған көршілері оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, сансыз жарақат алған қария қайтыс болды.

Полицияның хабарлауынша, үй тұрғындары айқайды ести сала көтерілгенде жерде жатқан ардагерді көріп, оны соққы астына алған адамның қашып бара жатқанын байқайды. Көршілер зейнеткерді итше сабап кеткен адамды ұстай алмаға.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары қария өліміне себепкер ер адамды ұстады. 33 жастағы ер азамат өз қылмысын "медаль ұрламақ болдым" деп түсіндірген.

Енді оны өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі күтіп тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel