RU
Туған баласының ұрлықшы екенін білген ана оны полицияға өзі ұстап берген (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Туған баласының ұрлықшы екенін білген ана оны полицияға өзі ұстап берген (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Иркутск қаласында жасалынған қылмысты ашып, бұзақыны анықтауда әлеуметтік желі елеулі рөл атқарды. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан түсірілген видео жазбаны желіге таратқан. Нәтижесінде бейнежазбада ұрлық істеген ер жігіттер ішінен өз ұлын таныған ана оны дереу тәртіп сақшыларына тапсырды деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оқиға екінші мамыр күні қала орталығында орын алды. Сәбиімен серуендеп келе жатқан жас әйел қолындағы ұялы телефонды екі ер жігіт тартып ала қашқан.

Олар қылмысы жазасыз қалады деп ойласа керек. Алайда, жасөспірімдер ұрлықтарын дәл бейнебақылау камерасының алдында жасағаны белгілі болды.

Полицейлер оқиға орнындағы видеоны желіге жүктегеннен кейін, қылмыскер тез арада өзі-ақ табылған. Белгілі болғандай, бейнежазбада өз ұлын таныған ана оны бірден полиция бөліміне әкелді.

Нәтижесінде, ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылып, 16 жастағы екі ер балаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олар бұл қылығымен ата-анасының да басын бәлеге қалдырды. Ұрлықшылардың әке-шешесі бұл қылмыс үшін әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелмек.

Жасөспірімдер кәмілетке толмағандықтан олар жай ғана қылмыскерлер тізімімен құтылып кетпек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel