RU

Ким Чен Ын босатқан АҚШ азаматтарын Трамптың өзі тағатсыздана күтті

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяда тұтқында болған үш америкалық азаматтың Пхеньянға ресми сапармен барған мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен бірге елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді деп жазады Азаттық радиосы.

Ким Чен Ын босатқан АҚШ азаматтарын Трамптың өзі тағатсыздана күтті
Ким Чен Ын босатқан АҚШ азаматтарын Трамптың өзі тағатсыздана күтті: UGC

Трамп Помпео мен ұлты корей үш АҚШ азаматын күтіп алу үшін Эндрюс әуежайына өзі бармақшы.

"Мемлекеттік хатшы Майк Помпео жұрт асыға күтіп отырған жанындағы керемет үш джентельменмен бірге Солтүстік Кореядан кері қайтып келе жатқанын қуанышпен хабарлаймын. Олардың жағдайы жақсы сияқты", - деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

Ұлты корей АҚШ-тың үш азаматы - Ким Донг Чул, Тони Ким пен Ким Хак Сонг Солтүстік Кореяда ұсталып, ұзақ уақыт түрмеде отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730992-kim-cen-yn-bosatkan-aks-azamattaryn-trampty-zi-tagatsyzdana-ktti.html