Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу-бизнестен той-бизнеске: Дәурен Айдарқұловтың сүйіктісі енді асабалыққа бет бұрды

Опубликовано:

Өзін әнші әрі актриса ретінде танытып үлгерген Ақбота-Нұр енді көпшілік алдына өзінің асабалық өнерін паш етпек. Екі кәсіпті аздық еткен әнші той бизнесін де қатар алып жүруге шешім қабылдаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram
Фото: instagram: UGC

Бұл туралы Ақбота-Нұрдың өзі Instagram парақшасы арқылы қалың көпшілікке жеткізген. Шоу-бизнесте жұлдызын жаққан әнші әрі актриса енді той бизнесіне қарай беттеп, асаба болатынын оқырмандарына айтып бөлісті.

Ақбота-Нұр танымал жүргізуші Дәулет Бижановпен түскен суретін жүктеп, оның астына "Бүгіннен бастап Дәулет екеуміз тойға тапсырыс алатын болып шештік" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары Айдарқұлов сүйіктісінің жаңа бастамасына сәттілік тілеп, тіпті Дәулет Бижановпен жарасымды жұп болып тұрғандарын да айтып жасырмады. Кейбір оқырмандар тіптен тойға шақыруды бастап та кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730997-sou-biznesten-toj-bizneske-duren-ajdarklovty-sjiktisi-endi-asabalykka-bet-brdy/

pixel