RU
Ақтөбе облысында мәхірге айрықша өтініш айтқан имамның жұбайы елді таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында мәхірге айрықша өтініш айтқан имамның жұбайы елді таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысындағы мешіттердің бірінде наиб-имам қызметін атқаратын Нұрлан Адаевтың жары мәхір ретінде айрықша өтініш айтып, елді таңғалдырды. Әсемгүл есімді ару некесі қиылар сәтте өмірлік жарынан бизнес ашып, өзін дамытуға мүмкіндік беруін сұраған. Бұл туралы наиб-имам Нұрлан Адаев «Время» газетіне берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбе облысында наиб-имамның жұбайы мәхірге айрықша өтініш айтып, бүкіл ауылды таңғалдырды

Фото: "Время" газеті

Нұрланның айтуынша, ол бұдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы оқуын тәмамдап, Ақтөбе облысына наиб-имам болып келген. Кейіннен шаңырақ көтеріп, Әсемгүл есімді бойжеткенге үйленген. Алайда оның қалыңдығының Алла үйінде одан мәхір ретінде сұраған өтінішін бүкіл ауыл естіп, таңғалыпты.

Ел қатарлы қымбат бағалы бұйым сұраудың орнына ол өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдыруға мүмкіндік беруін сұраған екен. Кондитерлік өнімдер пісірумен айналысатын келіншектің тілегін күйеуі қабыл етіп, бірнеше жылдан соң ол өзі армандаған шағын бизнесін де ашып алған. Бүгінде имам мен оның жұбайы шағын ауылды кондитерлік өнімдермен, тәттілермен қамтамасыз етіп отыр.

«Үйленгеннен соң ол кондитерлік цех ашқысы келетінін айтты. Мен уәдем бойынша, оны қолдап, былтыр ойымызды іске асырдық», - дейді жігіт.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
3
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір