RU
Путин өзін таңғалдырған Назарбаевтың ерекше қасиеттері туралы айтты (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Путин өзін таңғалдырған Назарбаевтың ерекше қасиеттері туралы айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президентінің теле-радио кешеніне арнайы сұхбат берді. Ресейлік көшбасшымен болған әңгіме Астананың 20 жылдығына арналған фильмге енгізілген. Сұхбат үзіндісі Facebook желісіне жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Путин

Путин және Назарбаев. Фото: архивтен

Журналистің "Нұрсұлтан Назарбаев жай адам және саясаткер ретінде сізге қандай әсер қалдырды?" деген сұрағына Ресей президенті былай деп жауап берді:

"Мені үнемі таңғалдырғаны және қуантарлығы, шыны керек, Нұрсұлтан Әбішұлы өз мансабын совет үкіметі кезінде қалыптастырып, әлі күнге дейін сол қалпынан таймай келеді. Бұл дегеніміз - оның өткенге қарамастан болашаққа ұмтылатын адам екенін білдіреді"

Сонымен қатар, Владимир Путин қазақстандық әріптесі туралы айта отырып, оның мықты басшы екенін көрсететін қасиетін атап өтті.

"Біріншіден, ол өзінің айналасын жас әрі білікті, іскер адамдармен қоршап алуды біледі және ешқашан күшті адамдармен қатар жүруге қорықпайды. Бұл - кез-келген көшбасшының айқын қасиеті", - дейді Ресей басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel