RU
Ашық-шашық жүруден қымсынбайтын әнші өзін "жүргіш" дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Ашық-шашық жүруден қымсынбайтын әнші өзін "жүргіш" дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Луина «Время» газетіне сұхбат беріп, неліктен ашық-шашық жүруден қымсынбайтынын айтты. Сонымен бірге әнші өзін "жүргіш" деп санайтындарға жауап беріп, жеке өміріндегі бірқатар шындықтың бетін ашты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жартылай жалаңаш жүруден қымсынбайтын танымал әнші өзін жүргіш дейтіндерге жауап берді

Фото: Instagram

«Елдің пікіріне ешқашан қараған емеспін, түкіргенім бар. Сондықтан ешкімге ешнәрсені дәлелдегім келмейді. Әрине, мен өзгенің пікіріне сыйластықпен қараймын. Бірақ біреудің айдауымен жүрмейтін адаммын. Ұнамаса – қарама!
Шоу-бизнесте жүргеніме жеті жыл болды. Басынан-ақ ел алдында жабық киіп жүретін ұяң қыз ретінде танылған емеспін. Өзімнің мүсінімді көрсеткен, ерлер үшін де, тіпті әйелдер үшін де ұнамды, тартымды болып жүрген ұнайды. Демек, маған осылай ыңғайлы», - деді ол.

Сонымен бірге, ол өзін "жүргіш" деп санайтындарға да жауап берді.

«Менікі дұрыс емес деп ойламаймын, себебі мен жүргіш емеспін. Керісінше, лайықты әншімін, жақсы тележүргізуші және әртіспін. Алайда еліміздегі шоу-бизнестің екіұшты қыры ұнамайды.

Мәселен, Қайрат Нұртастың концертінде Нюша іш киіммен өнер көрсетсе, оны ел сөкпейді. Алайда Луинаға олай болмайды. Нюшаны демек ел қабылдай алады. Сондықтан мен оны түсінбеймін.

Егер мен Ресей сахнасына шығып, осылай іш киіммен жүрсем, онда мені жақсы көріп, сыйлап кете ме? Дегенмен, менің де сүйіп тыңдайтын тыңдармандарым жоқ емес. Олар өте көп», - деп ағынан жарылды ол.

Сондай-ақ, ол ел болжағандай төсіне отаны бұрынғы күйеу жігіті Жомартқа ерегісіп жасады деген пікірлерді де жоққа шығарды.

«Жоқ ол дұрыс емес. Ол бұрын да менің төсімді үлкейтуіме қарсы емес еді», - деді ол.

Әнші бұрынғы продюсері әрі күйеуіне деген сезімі өшіп қалғанын ашық айтты.

«Ол адамға деген сезімім өшіп қалды. Оны сезінуден қалдым. Сондықтан қарым-қатынасты жалғастырудың мәні қалмады. Біз бәрін жақсартуға тырыстық. Бірақ қолымыздан келмеді», - деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
1
4
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel