RU
Украиналық депутат сұхбат кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Украиналық депутат сұхбат кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Николаев облысында 9 мамыр мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында келеңсіз оқиға орын алды. Украиналық депутат Максим Невенчанный журналистерге жеңіс күніне қатысты сұхбат беріп жатқан кезінде белгісіз біреу оның бетіне секс-ойыншық тақаған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Украиналық депутат сұхбат кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

Украиналық депутат сұхбат кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

Сұхбатына кедергі болған ойыншықты ел қалаулысы бірден лақтырып жіберген. Артынша ол өзіне осындай сорақы әрекет жасаған адамнан кешірім сұрап, сұхбатын ары қарай жалғастыра берді.

Облыстық депутаттың ойынша, бұл оның қарсыластарының істеп отырған дүниесі болса керек.

"Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, ойламаған жерден ешкім танымайтын журналистер келіп сұхбаттасқанда белгісіз адам келіп қалып маған осындай қылық істейді. Сәйкестік пе? Мен олай ойламаймын. Бұл біреудің алдын ала жоспарлаған ісі екені анық", - деп айтты Максим Невенчанный.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
2
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір