Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы алпыстан асса да парадта сап түзеген облыс әкімдері көпті сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Күні кеше ғана "Отарда" өткен әскери парад әлі күнге дейін көпшіліктің қызу талқысына түсуде. Отандастарымызға әсіресе облыс әкімдерінің әскери форма киген "жаңа образдары" ұнап қалған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Биыл 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған парад жылдағыдай Астанада емес, Отарда өтті. Бір ерекшелігі, онда әскерилерден бөлек облыс басшылары да қатысқан еді.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Желіде облыс атқамінерлерінің әскери формада жүрген суреттерінің желіде тарап кеткені сол-ақ еді, ел тұрғындары оны қызу талқыға салды.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Әсіресе жастары 60-ты еңсеріп қалған облыс әкімдеріне көпшілік тәнті болды.

Айтуларынша, күннің ыстығы мен аз-маз желдің болғанына қарамастан, олар сапта тік тұрып, өздерінің әскери біліктілігін паш еткен.
Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Олардың ішінде Ақтөбе облысының әкімі Бердікбек Сапарбаев пен Қызылорда өңірінің басшысы Қырымбек Көшербаев, ШҚО әкімі Даниял Ахметов та бар.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Сапта тұрған әкімдер ішінен Астана қаласының әкімі – Әсет Исекешев ерекше көзге түскен. Қазақстандықтар Әсет Өрентайұлына әскери форманың жарасатынын жасырмаған.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Ал, ту ұстап тұрған Бауыржан Байбектің суреті тіптен көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары Байбекті "ең үздік әкім" деп таныған.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Әкімдердің арасында әскери даярлық тұрғысынан кіл мықтылар да анықталған. Мәселен, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Макаров пистолетінен атудан үздік деп танылып, тіпті арнайы грамотамен де мадақталған екен.

Айта кетерлігі, парадқа дейін облыс шенділері Отарда арнайы дайындық жұмыстарын жүргізген көрінеді.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731018-zasy-alpystan-assa-da-paradta-sap-tzegen-oblys-kimderi-kpti-sjsintti-foto/

pixel