RU

"Бекер соғысыппыз": Немістерді ұнатып қалған Жанболат пен Жазира жұрттан сөз естіді (фото)

Жеңіс күні қарсаңында жары Жанболаттың әзілін оқырмандарымен бөліскен Жазира сөз естіп тынды. Немістерді ұнатып қалған отандық жұлдыздарды желі қолданушылары сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира мен Жанболат. Фото: Instagram
Жазира мен Жанболат. Фото: Instagram: UGC

"Германияның Францбург қаласында жүргенбіз. Қала сондай тап-таза. Адамдары мәдениетті, бір-бірін танымаса да жымиып қарап, газет-журнал оқып отырады. Қатты ұнады. Жанболат қалжыңдап: "Немістер мықты екен, бекер соғысыппыз, иә" деді. Бүгін Жәкеңнің сол әзілі есіме түсіп отыр. Мереке құтты болсын", - деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушылары әзілді орынсыз айтқан Жазираға ұрысып тастады.

"Бекер соғысыппыз дейсіз. Олар жаулап алғанда, Жазира мен Жанболат болып отырмайтын едіңіздер", "Ұрпақтың осындай боларын аталарымыз білмеген ғой", "Бекер соғысыппыз" дейсіздер. Бұл үлкен кісілерді бекер өмір сүріпті дегеніңіз секілді", "Көзі ашық адамсыздар, мұныңыз ұят", "Егер соғыспай жеңілгенде, бізге газет оқытып отырмас еді" деп пікір білдірді оқырмандар.

Жазира мен Жанболат. Фото: скриншот
Жазира мен Жанболат. Фото: скриншот: UGC

Жазира мен Жанболат. Фото: скриншот
Жазира мен Жанболат. Фото: скриншот: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731023-beker-sogysyppyz-nemisterdi-natyp-kalgan-zanbolat-pen-zazira-zrttan-sz-estidi-foto.html