Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Рыжий Алмаздың танымал жары алғаш рет ел білмейтін сырларымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Тәжікстанның ең сұлу аруы, әнші, биші, қоюшы режиссер, таэквондодан әлем чемпионы, тәжік сұлуы Ситора Назарованың өмірі барша қазақстандықтар үшін аса қызық. Елге әншілігімен қатар, атағы жер жарған Рыжий Алмаздың (Несіпбай Насенов) жұбайы ретінде танылған Ситора NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат беріп, алғаш рет өзінің жеке өміріндегі ел білмейтін сырларымен бөлісті.

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

Бүгінде Ситора Несіпбай Нәсеновтан (ред. - Рыжий Алмаз) туған жалғыз ұлы Румимен бірге Алматы қаласында тұрып жатыр. Бір кездері әншілік өнерімен даңқы шыққан ол "22 жастағы ұлыммен досымдай сырласамын" дейді. Апталдай азаматты тәрбиелеп отырғанымен қыздай жас көрінетін тәжік сұлуы Несіпбайдан кейін өзіне лайық адам кездестірмегенін айтады.

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC
"Мен жеке өмірім туралы айтқанды ұнатпайтын адаммын. Бірақ, айтарым - менің қазіргі таңда басым бос. Себебі, менің өзіме лайық адам табуым өте қиын. Мен соғыс сияқтымын. Яғни, менің жүрегімді жаулау оңай емес", - дейді ол.

Алайда ел арасында қылмыс әлемінің серкесі болып танылған Несіпбай онымен бірге болу үшін біраз тер төккенін айтады.

"Ол - менің ең алғашқы ер адамым. Менің өмірімде дәл сол кісі кездескеніне өте бақыттымын. Алмаз маған шынайы махаббаттың не екенін ұғындырды. Әлемді көрсетті. Италияда тұрғым келсе, Италияда, Испанияда, Парижде тұрдық екі-ай үш айлап. Ол үнемі тосынсый жасап, мені таңғалдырудан шаршамайтын. Ештеңе айтпастан, маған келіп, "жинал" дейтін.
Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC
"Мені үйде киіп жүрген спорттық киіміммен әуежайға апарған күндері де болған. Сөйтіп бірде сол бойы Мәскеуге келдік. Мәскеуден ары ол мені Жаңа жылға сый ретінде Бразилияға алып кетті. Осылайша ол мені сол жылдары әлемді аралатып, түрлі романтикалық сый жасап құрмет көрсетті. Канар аралдарына, туған күнімде үйдегі халатпен Сочиге де алып кеткен. Ол әйелдердің де көңілін таба алатын, еркектер арасында да өзінің беделі бар адам болды. Қазір еркектер әйелдерді аялауды ұят санайды, ар санайды. Бірақ Алмаз ондай емес еді. Ол өте романтик болатын, тіпті мені өзінің бөлек планетасы санайтын. Ал ел айтатын криминал дегенді атымен көрмегем", - деп еске алады Ситора.

Айтуынша, өзімен кездесу үшін Алмас оның ағасының сөзін екі етпей орындаған екен.

"Парвиз бізде өте қатал болатын, ол менімен кездесу үшін үш сағатқа сұрап алатын. Алмаз оған көніп, менің ағамды сыйлап, өз уәдесінде тұрып, айтқан уақытында алып келетін. Яғни, ол үлкен адамгершілік танытты", - дейді әнші.

"Ел қылмыс әлемінің серкелерінің өмірін сондай бір қорқынышты деп елестетеді. Ел арасында сол пікір қалыптастып кеткен. Жоқ, олай емес. Олар да адам. Біз араласатын ортамызда Луврдағы картиналар, өнер, Италиядағы сән тенденцияларын талқылай алатын едік.

Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан
Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан: UGC
Мәселен, Алмаздың көптеген адамдарға қайырымдылық көрсеткенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Қаладағы барлық жетімдер үйін қаржыландырған. Көптеген мешіттің салынуына жәрдемдескен, тіпті Орталық мешіттің құрылысына өте көп қаржы берді.

Бір оқиға есіме түсіп отыр. Бірде оның кеңсесіне қарт адам кіріп келді. "Ұлым, әйелім өлгелі жатыр. Оған ота жасату керек. Отасына өте көп ақша керек. Ондай ақша өмірімде болмайды. Сен туралы көп естідім. Ел сені қорқынышты адам дейді, бірақ менің сенен басқа баратын жерім жоқ", - деді. Алмаз сол кісіге өле өлгенше көмектесіп кетті. Ол тіпті шетелде болғанда Алмаздың жігіттері ай сайын ақша беріп, азық-түлік апарып келетін.

Несіпбай ондай адамдарды ешқашан ұмытпайтын. Мысалы жетім балалар сенбі-жексенбі күндері әрдайым офиске келіп тұратын. Олар Алмаздың өміріндегі қылмыс туралы ешқашан естімейтін. Жолдасым кеңсеге арнайы педагогтарды шақырып, шахмат ойнауды үйрететін, әдеби кітаптар сатып беретін. Балалар келіп барлығын Алмазға айтатын. Олардың қазір қайда жүргенін, тағдыры қандай болғанын білмеймін. Меніңше күйеуім өлген соң мұның барлығы қалған сияқты. Мен оларға біреу көмектеседі дегенге сенбеймін", - дейді ол.

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

Бүгінгі таңда қылмыс серкесінің ұлы Руми анасының жолын қуып, өнерге бет бұрған. Актер әрі модельдік бизнесте өзін сынап жүрген жігіт отандық фильмдердің бірінде басты рөлді сомдайтынын біреу білсе, біреу білмей жатады, дейді Ситора.

"Балам АҚШ-та оқиды. Бұрын Лондонда оқыған. Каникулда туған жеріне келді. Елін қатты сағынып қалыпты. Келе сала, бешбармақ жеймін дейді. Базарға барып, қазы сатып алып, сұрағанын әзірлеп бердім. Бойында қазақтың қаны бар ғой. Мәселен ол Лондонда жүріп Қазақстанға тіл тигізгені үшін бір топ еуропалықпен үш бала болып төбелескені есімде. Олар "Боратты" айтып намысына тиген екен. Менің балам қатты ашуланып, қаны басына шауып, олардың бәрін ұрып тастаған.
Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Румидің жеке мұрағатынан алынды: UGC

Үш қазақты он еуропалықты ұрғаны үшін қамап қоя жаздады ғой. Достарыма хабарласып жүріп, әрең шығарып алдық.

Ол қазақ екенін мақтанышпен айтады. Мен ұлымның елін, жерін осыншама сүйетіні үшін шын бақыттымын. Қазір ол Алматыда, өзін актер ретінде сынауда. Руми отандық режиссерлер түсірген "Заклятие оракула" фильмінде басты рөлді ойнайды. Жуырда ғана оның таныстырылымына барып қайттық. Сонымен бірге Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде ұлым парсы ұлтының өкілін ойнайды. Руми - менің көшірмем.

- Бірақ Рыжий Алмаздың ұлы отандық фильмде түсіп жатқаны еш жерде айтылмады ғой.

- Иә, себебі, ол туралы аңыз өте көп. Біреу анда дейді, біреу мында дейді. Бірақ мен оның әкесі арқылы пиар жасағым келмейді. Маған ол қызық емес. Өзім де айтары бар тұлғамын. Егер мұндай пиар маған қажет болса, мен баяғыда-ақ жасар едім. Мәселен, жолдасымның өмірі туралы фильм түсіргім келеді болашақта. Себебі Несіпбай өте мықты адам болған.

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

- Ол қандай адам еді?

- Өте қайырымды, жүрегі жұмсақ. Маған сондай жұмсақ болатын. Менімен танысу үшін артымнан үш ай бойы жүгірген адам. Одан кейін екі ай бойы маған соншалықты сый-құрмет көрсетті. Осыдан кейін барып қана мен онымен бірге болуға келістім. Бес ай бойы ол мен үшін күресті. Әлбетте, ол кезде Несіпбайдың атағы жер жарып тұрған. Қайда барса да, жолы ашық. Кез келген қыз-келіншек оның ілтипатына зәру еді. Ал мен ол кезде төрт жұмыста істейтінмін. Ол Сары Алмаз па, басқа Алмаз па, маған бәрібір болды. Мені одан қызғанған әйелдердің санында да шек болған жоқ.

Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

Алмаз мені адамгершілігімен, білімділігімен, асқан ақылдылығымен тәнті етті. Өте көп оқыған, білімді кісі еді. Ондай адам өте сирек. Мен дәл ол сияқты жанды әлі күнге дейін көрген жоқпын. Одан кейін менің ер-азаматпен қандай да бір жақын қарым-қатынасым көп болды деп айта алмаймын. Мен өзгелердің бойынан Алмаздың бойындағы биіктікті іздедім. Менің ең бірінші ерім өте сирек кездесетін асыл тас болғандықтан,өзгелерге қояр талабым да өте биік еді.

Алмаз менің әлемдік жұлдыз болғанымды қалады ғой. Мәселен, Дима Биланның продюсері болған Юрий Айзеншпистің продюсерлігімен жұмыс істеуді жоспарлаған еді. Бірақ ойы іске аспай қалды.

- Сіз одан қорыққан жоқсыз ба? Одан болмаса да, оның дүркіреп тұрған атағынан, оның айналасындағы қылмыс әлемінен қорықпадыңыз ба?

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

- Мен одан мүлдем қорықпайтынмын. Оның ортасынан да қорыққан жоқпын. Шынымды айтсам, мен тым жас едім, арамызда махаббат сезімі болды. Көп нәрсені түсіне бермейтінмін. Бірақ кейіннен, ойланып отырсам, мені кез келген жерде өлтіріп кетуі мүмкін екен ғой. Оны өлтіргісі келгендер мені де әп сәтте жоқ қыла салуы мүмкін еді.

Мысалы, егер оны өлтіргенге дейін екі күн бұрын кетіп қалмағанымда, мен де бәлкім жоқ болар ма едім? Кейін ойланып қарасам, оның жанында жүріп, басымды қатерге тігіппін...

Ал негізінде оған деген ризашылығым шексіз. Ол өлгеннен соң да мені өзінің беделімен, атағымен қорғап-қолдап жүрді. Ешкім ешқашан ешқандай концертте маған қандай бір жаман ерсі қылық жасамайтын. Мәселен көптеген әншілерді еріксіз алып кетіп, түрлі әеркеттер жасаған жайттарға куә болдым. Бәлкім ол періштемдей мені қорғап жүрген болар, себебі мені қатты жақсы көретін.

- Сіз өте ерте тұрмысқа шықтыңыз. Қандай келін болдыңыз?

- Мен шығыстық менталитетпен өскендіктен, нағыз шығыс келіні болдым деп айта аламын. Менің тәрбием өте қатал. Алмаздың анасының да мінезі осал емес еді. Бірақ мен келін ретінде оның көңілін жақсы табатынмын. Себебі көп нәрсеге көз жұма қарайтын едім. Үнемі солай болды. Ол менің келіндік міндетімді атқарғаным емес, мен өзім табиғатымнан сондай адаммын. Ересек адамның бетіне тік қарап не айтуға болады? Оған қалай қарсы келуге болады? Әлбетте ол ашуланатын, бірдеңе деп қалуы мүмкін. Бірақ естігенімнің бәрін ұмытып, ары қарай өмір сүре беретінмін. Менің мінезім сондай.

Әйгілі Рыжий Алмаздың әнші әйелі Ситора өзінің өмірі, жалғыз ұлы және қандай келін болғанын айтты
Фото Ситораның жеке мұрағатынан алынды: UGC

- Бірге тұрдыңыздар ма?

- Жоқ, бөлек тұрдық.

- Ұлыңыз әкесінің ата-анасымен араласып тұра ма?

- Өкінішке орай, оның атасы Ресейдің Оренбург облысында тұрады. Бірақ мен Семейде концерт берсем, ол жасына қарамастан арнайы менің концерттеріме келіп тұрады. Онымен жиі кездесіп тұрамыз. Өте мәдениетті, банкир болған, өңірге танымал кісі. Оны қатты жақсы көремін. Қарым-қатынасымыз да жақсы. Ол кісі жуырда өзінің әулеті, руы туралы кітап шығарып, маған сол кітапты сыйға тартты. Кітаптың соңында ұлы туралы және мен туралы да мәлімет бар.

Анасымен өкінішке қарай араласпаймыз. Неге екенін білмеймін, қатынасымыз күрделеніп кетті. Келін ретінде қарым-қатынасымызды сақтағым келсе де, оның мінезі оған мұрсат бермеді. Оның әпкелерімен жақсы араласамын. Олар Қырғызстанда тұрады. Мен өзіммен жақсы араласқысы келетін адамды ешқашан кеудесінен итерген емеспін. Мені біреу жақтырмай тұрса да, мен оған жақсы, ізгі ниетпен қарайтын адаммын. Себебі менің біреумен бөлісетін ешнәрсем жоқ. Бұл өмір. Қазір бармыз, ертең жоқпыз.

Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан
Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан: UGC

- Желіде Несіпбай ағаның үш әйелі болған деген ақпарат бар. Бұл рас па?

- Оның бірінші әйелі Диана қайтыс болып кетті. Одан бір қызы бар. Екінші украиналық әйелмен біраз уақыт кездесіп жүрді. Одан да балалары бар. Ал біз бес жарым жыл бірге тұрдық.

- Балаңыз әкесінен қанша жасында қалды?

- Балам мен Алмаздың туған күнінің арасы екі күн. Ұлымның екі жасқа толуына орай біз отбасымызбен Парижге аттандық. Мен, ұлым, жолдастарымыз. Екі автобус адамды сонда қонақ еттік. Ол ұлымыздың туған күнін "Дисней Лэндте" жасап берді. Үш күннен соң Алмаздың өзінің туған күні болды. Оны Испанияда жасадық. Бұл наурыз айы болатын. Мамыр айында оны өлтіріп кетті. Бірақ баласы он әлі күнге дейін есінде сақтапты. Ол ұлы адам еді. Оның бойындағы қасиеттер ешкімде жоқ.

Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан
Фото: "Біз де Абыралыданбыз" кітабынан алынды. Кітап Ситораның жеке мұрағатынан: UGC

Түрі аса әдемі емес, бірақ ішкі жан дүниесі сондай әдемі еді. Жанында тұрған кез келген адамды ол бес минуттың ішінде оны баурап алатын... Қазіргі кезде, мен ертерек әже болу бақытын сезінгім келеді. Балаларды өте жақсы көремін. Мүмкіндігім барда балалармен бірге ойнап, солармен бірге уақыт өткізгім келеді. Балаларды көрсем, олармен бірге ойнап кетемін. Сондықтан ұлым ертерек үйленіп, немере сүйсем екен деп армандаймын.

(Сұхбаттың жалғасы бар).

Ескерту! Материалдарды, материалдарда қолданылған суреттерді көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салынады. Мақала ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған.

Сұхбат алатын орын ұсынған Nova Cafe мейрамханасына алғыс айтамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731029-jgili-ryzij-almazdy-tanymal-zary-algas-ret-el-bilmejtin-syrlarymen-blisti-foto/

pixel