RU
ІІМ Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаевтың тұтқындалу себептерін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

ІІМ Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаевтың тұтқындалу себептерін айтты

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Ішкі істер министрлігі қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаевтың Мәскеуде тұтқындалуының себептері жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Жомарт Ертаев ІІМ-нің интерпол ұлттық орталық бюросының тапсырмасы бойынша тұтқындалған. Ол қомақты қаражатты жымқырғаны үшін халықаралық іздеуге берілген болатын.

"Ол "РБК" директорлар кеңесінің төраға ақылшысы қызметінде болғанда 80 мың АҚШ доллар көлеміндегі ақшаны белгілі бір ЖШС есепшотына аударып, қарызды қайтармаудың заңсыз әрекеттерін іске асырып отырған", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Бүгінгі күні қылмыскердің елге қайтарылуы жөніндегі мәселелер шешіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel