Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар өмірді сегіз жылға ұзартатын мамандықты анықтады

Опубликовано:

Австралиялық ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде интеллектуалды спорттың кәсіби жаттығулары адам өмірін 7,7 жылға ұзартатыны дәлелденді деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: umass.edu
Фото: umass.edu: UGC

Мамандар шахматпен айналысатын 16 мың адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын бақылап көрді. Олардың барлығы 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі олипиадаларды жүлделі орындарды иеленіп, гроссмейстер атағын алғандар болып шықты.

Ғалымдардың айтуынша, шахматистер өзінің ойлау қабілетін дамыта отырып, басқа да спортсмендер секілді когнитивті қасиеттерін айшықтай түседі. Олар өз кезегінде адамды салауатты өмір салтын ұстануға итермелейді.

Австралиялық мамандар бұл мәселені әлі де үлкен әрі күрделі зерттеу күтіп тұрғанын айтты. Олар енді шахматист мамандығы мен өмір ұзаруы арасындағы байланысты одан бетер анықтап көрмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1731043-galymdar-mirdi-segiz-zylga-zartatyn-mamandykty-anyktady/

pixel