Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көптің көзінше "шыңғыртып" қыз алып қашқан жігіттер елді шошытты

Опубликовано:

Желіде тағы бір қыз алып қашу "операциясының" видеосы тарап кетті. Камаз үстінде орамжапырақ тазалап отырған бойжеткенді бір топ жігіт көлігіне салып әкеткен. Жастардың бұл әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көбінесе Шымкент пен Оңтүстік өңірлерінің жаңалықтарын жариялайтын Dudoser парақшасында жұрттың жағасын ұстатқан видео пайда болды.

Паблик иесі "Қыздар, маусым ашылды", - деп түнеріп тұрған смайликпен жазба салған.

Аталмыш видеоға екі мыңға жуық оқырман пікір қалдырған.

Олардың басым көпшілігі мұны әдейі ойластырылған оқиғаға теңесе, енді бірі тек әзіл ретінде қабылдап жатты.

Алайда, олардың арасыда жігіттердің әрекетін "азғындыққа" балаған жандар да көптеп кездеседі. Олар жас қыздардың тағдырын құртып, көз жастарына қалған адамдар міндетті түрде жазалануы тиіс деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731049-kpti-kzinse-sygyrtyp-kyz-alyp-kaskan-zigitter-eldi-sosytty/

pixel