RU

Канн фестиваліне қатысқан отандық актриса сұлулығымен шетелдіктерді тәнті етті (фото)

Канн фестивалінің 71 көрсетілімінде қызыл кілеммен жүріп өткен отандық актриса Құралай Анарбекова өзінің сән-салтанатымен шетелдіктерді таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында актрисаның өзі Instagram парақшасында жариялады.

Актрисалығымен қоса продюсерлік қырын да танытып үлгерген Анарбекованы фестиваль ұйымдастырушылары мен Méridien de Paris компаниясы арнайы шақыртқан. Отандасымыз жайлы шетелдік басылымдар жарыса жариялады.

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

"Қазақстанның атынан фестивальдің ашылу салтанатына қатысу бақытына ие болдым. Мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Әлемнің танымал жұлдыздарымен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өттім. Аздап қобалжығаным бар", - деді актриса.

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

Сондай-ақ ол еліміздің кино саласының әлем назарына іліккенін де айта кетті.

"Қазақтың кино әлеміне дүние жүзінің назары ауды. Ойлағанымды жүзеге асыратын уақыт келді. Қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін", - деп жазды Құралай Анарбекова.

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

Айта кетейік, әлем назары ауған салтанатты шараға Димаш Құдайберген де қатысқан болатын.

Құралай Анарбекова. Фото: Instagram
Құралай Анарбекова. Фото: Instagram: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731063-kann-festivaline-katyskan-otandyk-aktrisa-slulygymen-seteldikterdi-tnti-etti-foto.html