RU
Жанкүйерлер Головкинді бокстан шеттетуді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Жанкүйерлер Головкинді бокстан шеттетуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Алтыншы мамырда өткен Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросянның жекпе-жегі дауға ұласты деп жазады prosports.kz сайты.

Геннадий Головкин. Фото: prosports.kz

Геннадий Головкин. Фото: prosports.kz

Кей жанкүйерлер Головкинді қарсыласы нокаутқа түсіп, қорғану мүмкіндігінен айырылғаннан кейін де жұдырық сермеді деп айыптаған болатын.

Осы орайда The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер аталмыш дауға қатысты өз пікірін жария етті.

"Интернетте жұрт Головкин спорттан шеттетілуі тиіс деп жазып жатыр. Алайда жекпе-жекті қайта қарап шығып, GGG соққы жасап жатқанда Мартиросян әлі құламағанын байқадым. Бұл эпизодта сіз не көрдіңіз?", - деп сұраған жанкүйерге:

"Сіз көргенді мен де көрдім. GGG Мартиросян құлап бара жатқан сәтте ұрды. Егер соққы Мартиросянның тізесі немесе қолғабының бірі төсенішке (канвас) тигеннен кейін жасалса, онда әңгіме бөлек. Ал ереже аясында жұдырық жұмсаған боксшыны айыптағандар – ақылсыз езбелер", - деп жауап берді The Ring бас редакторы

Еске салсақ, отандық боксшы аталмыш жекпе-жекте қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
3
1
25
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel