RU
Мереке күніне орай шыршаларды жасыл түске бояғандар ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Мереке күніне орай шыршаларды жасыл түске бояғандар ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Желіде Ұлы жеңіс күніне орай шыршаларды арнайы жасыл түске бояды деген ақпарат тарап кетті. Оқырмандар аталған жазбаны бірден сынап тастаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Instagram желісіндегі vastane.kz паблигінде жеңіс күніне орай, Астанадағы кейбір шыршаларды жасыл түске бояды деген жазба пайда болды.

Пост авторының айтуынша, оларға мұндай мәлімет желі қолданушыларының бірінен келіп түскен екен.

"Мұндай оқиға Жамбыл облысындағы Отар елдімекенінде орын алған. Бастама иелерінің айтуынша, бұл жасыл түс – шыршаны түрлі жағдайлардан сақтап тұратын қорғаныс қабығы екен", - деп жазған куәгер.

Әзірге оқиғаның нақты қай қалада болғаны белгісіз.

Желі қолданушылары аталған жазбаны бірден сынға алды.

"Мұндайды тек біздің елде көруге болады", "Халықтан ұялмайсыңдар ма?", "Масқара ғой", - дейді пікір қалдырушылар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір