RU

Шетелдіктер Елеусіновтің алғашқы жекпе-жегін "батыл дебют" деп бағалады

АҚШ тілшісі Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегіне жоғары баға берді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елеусінов. Фото: sports.kz
Елеусінов. Фото: sports.kz: UGC

BadLeftHook.com сайтының журналисі Том Крэйз Данияр Елеусіновтің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген.

"Елеусіновтің сол жақ ауыр соққысынан бұрын қолғабымен жеңіл соққы жасайтыны ұнайды. 147 фунт шамасындағы салмақ дәрежесінде қарсыластарына нағыз қиындық тудыратын жігіттің батыл дебюті", - дейді Крэйз желі парақшасында.

Еске салсақ, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 сәуір күні амеркиалық Ноа Кидпен өткізген болатын. Ол боксшыны үшінші раундта нокаутқа жібереді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731088-seteldikter-eleusinovti-algasky-zekpe-zegin-batyl-debut-dep-bagalady.html