RU

148 тонналық тепловозды сүйреген қазақстандық жігіт көпшілікті тәнті етті

10 мамыр күні Астанада балуан Сергей Цырульников еліміздегі жаңа рекордқа қол жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сергей Цырульников. Фото: sputniknews.kz
Сергей Цырульников. Фото: sputniknews.kz: UGC

Ол салмағы 148 тонналық вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреген.

"Қашықтықтың соңғы шегіне келгенде өте қиын болды. Басым айналып бара жатқанын сездім.

Қолымды да, аяғымды да сезбей, дел-сал күйде қалдым. Десе де, әлемдік рекордты орнатуға әзірмін. Қазақстанда алып күш иелері тұрып жатқанын дәлелдеуге дайынмын», - дейді балуан.

Оның сөзіне сенсек, әлемдік рекорд қазіргі уақытта 153 тонна болып отыр.

"Мен біздің батырларды әлемнің танығанын қалаймын. Себебі, батыр қазақ ежелден әйгілі. Менің тапсырмам - осы дәстүрді жалғастыру", - деді Сергей Цырульников.

Ол өзін қазақ балуандары Қажымұқан мен Балуан Шолақтың ізбасары санайтынын алға тартты.

"Мен - қазақпын! Төлқұжатымда беларусь деп жазылып тұр. Бірақ, мен маған киелі рух сыйлай білген, мені батыр етіп тәрбиелеген, аруақты елдің қорғаны - Қазақстан жерінде тудым. Сондықтан, мен - жан-жүрегіммен қазақпын», - дейді алып күш иесі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731102-148-tonnalyk-teplovozdy-sjregen-kazakstandyk-zigit-kpsilikti-tnti-etti.html