RU
ОҚО-да жасы сексенге таяған таксиші атаның тірлігіне ел риза болды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да жасы сексенге таяған таксиші атаның тірлігіне ел риза болды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-ның Түлкібас ауданында 78 жастағы қария көлік тізгіндеп, таксиші атанған деп жазады "Замана" басылымы.

Зейнеткер. Фото: Замана

Зейнеткер. Фото: Замана

"Менің аты-жөнім Каналбай Балданбаев болады. 1940-жылы 15-шілдеде дүниеге келіппін. Жастық шағым ауырлау өтті. Бұғанам бекімей жатып «Алғабас» колхозында еңбек еттім.

Одан кейін ұзақ жылдар шофер болып еңбек еттім. Жалпы, колхоздағы еңбек өтілім 42 жылға жетті.

Зейнеткерлікке шыққан соң, 1995-жылдан бері такси жүргізіп келемін. Құдайға шүкір, зейнетақым бар, сегіз ұл-қыздың әкесімін, 29 немере, 6 шөберенің атасымын", - дейді қария.

Зейнеткер такси жүргізушілерінің басын қосып, талай рет тұрмысы нашар жандарға қайырымдылық көрсеткенін айтуда.

"Биыл ауыл тұрғындарының өз қаражаттарымен Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіш орнатуды қолға алып жатырмыз. Такси жүргізудегі мақсатым байып кету емес. Үнемі адамдармен араласып жүргендіктен олармен емін-еркін сөйлесіп, шер тарқатуды қалаймын", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір