RU
Омырауын үлкейтемін деп отбасынан айырылған келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Омырауын үлкейтемін деп отбасынан айырылған келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Жасы 44-тен асқан келіншек омырауына ота жасамын деп отбасынан айырылған. Айтуынша жолдасы оның төсін үлкейтуге қарсы шығып, онымен ажырасқан көрінеді. Бұл туралы oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Төсін үлкейтемін деп, шаңырағын шайқалтқан әйел алғашында тұрмыс-жағдайлары нашар болғанымен, кейін жолдасы екеуі мықты кәсіпкерге айналғанын атап өткен.

Келіншек отбасымен 90-жылдары Алматыға келіп, өз кәсібін ашыпты. Осылайша, ол аз уақыт ішінде ауқатты әйелге айналып, омырауына ота жасатпақ болады екен. Алайда оның бұл шешіміне күйеуі наразы болған көрінеді.

"Ол рұқсатын бермеді. Мен сонда да алған бетімнен қайтпай ота жасаттым. Бұдан жақсарған ара-қатынасымыз жоқ. Қанша жерден жақсы киініп алдында сылаңдап жүргеніммен, ернімді дүрдитіп, омырауымды үлкейтіп өзімше "сексуалды көрінемін" дегеніммен күйеуім маған жыли қоймады. Ақырында ол шаршады ма, жалықты ма білмеймін, менен ажырасуды сұрады. Бастапқыда мен бұған аса мән бердмедім. Кезекті ұрыстардың бірі екен деп қана ойладым. Бірақ күйеуім шынымен де менімен ажырасуға бел буыпты. Арада біраз уақыттан соң біз ажырастық",-дейді келіншек.

Сонымен бірге ол қос ұлының да әкесімен бірге қалғанын айтып, налыған. Айтуынша, егер сол кезде төсін үлкейту үшін арнайы ота жасамағанда, бүгінде ол жанұясының шырқын бұзбай, аман сақтап қалатын еді.

"Қазір ұлдарым өсіп ержеткен. Әкелері үлкен ұлымды үйлендірді. Кіші ұлым да оқу орнын бітіріп жоғары оқу орнына оқуға тапсырды. Күйеуім екінші мәрте үйленіп, ол әйелден үш баласы бар. Сүттей ұйып отырған отбасы.

Ал мен екі қолға бір жұмыс таппай кезінде менсінбей кеткен мектепке жұмыс істеуге қайта оралдым. Өкініштісі сол, жалғыздығым жаныма батады, денсаулығым қазір сыр беріп жүр. Уақыт өте келе отада пайдаланған химиялық заттар омырауыма өз зиянын тигізбей қоймады. Ол зиянын тигізбес үшін әрбір сегіз ай сайын толықтай дәрігерлік тексеруден өтіп отыру керек. Қазір оған менде қаржы қайда?! Бұрынғыдай барлығымен қамтитын күйеуімнің табысы тұрған жоқ. Қарапайым ғана мұғалімнің жалақысы неге жетсін?!",-деп кейіді келіншек.

Әңгіме соңында қос баланың анасы "әр нәрсеге қызыға бермей, отбасын сақтап қалудың маңыздылығын" атап өткен.

"Осылайша желік қуып ота жасатамын деп отбасымнан айырылған жайым бар. Біздің қазақ "семіздікті қой ғана көтереді" деуші еді ғой. Қазір ойлап қарасам мен сол барлықты, молшылықты көтере алмаппын. Сол кездері орынсыз желік қуып, расымен де Алланың берген аманаты денсаулығыма зиян келтірмегенімде қазір бақытты отбасы болып отырар ма едік?! Әттең дегеннен басқа амалым жоқ, қайтемін енді?!",-деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
23
1
6
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір