RU
Бәйбішесінің сұрауымен тоқал атанған ару жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Бәйбішесінің сұрауымен тоқал атанған ару жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Көп балалы отбасынан шыққан келіншек жасы үлкен ер адамға бәйбішесінің қалауымен тоқал атанғанын айтып, ағынан жарылды. Арудың сөзінше, ол бүгінде отағасына бала сыйлап, оның бәйбішесімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Келіншектің айтуынша ол көпбалалы отбасыдан шыққан екен. Медициналық колледжді тәмамдап, медбике болып жұмыс істеген ару бірде жасы егде тартқан әйел адаммен танысады. Ауқатты әйел бірінші күннен-ақ бойжеткенді ұнатып, оған қамқорлық танытып жүреді екен. Аурухадан шыққаннан кейін, тіпті оны үйіне шақырып қонақ қылатын көрінеді.

Осылайша, әйел адам аруға "күйеуінің тоқалы болып, сәби сыйласаң" деген ұсыныс айтыпты. Себебі ерлі-зайыптылар жылдар бойы бала сүйе алмай жүрген екен.

"Бір күні мені тағы да шақырып алып өзінің шынын жеткізді. Мені осы уақытқа дейін сынап жүргенін, ойынан шыққанымды, мені күйеуіне жар етуге қалап жүргенін айтқанда шалқамнан құлай жаздадым. Мен үшін бұл күтпеген ұсыныс еді. Жан құрбыма сырымды аштым. "Жас жігіттерден қайран жоқ, желкілдеп қашанғы пәтерден пәтерге көшіп қонып жүресің, тым кәрі де емес, байлыққа малшынып өмірің өтсе өкінбейсің, ақымақ болма" деді ол. Құрбыммен кеңесіп ақыры бір шешімге келдім",-дейді келіншек.

Қазірде бойжеткен жолдасынан сәби сүйіп, оны бәйбішесінің тәрбиесіне берген көрінеді.

"Күйеуім аса бір көркем болмаса да тартымдылығы бар, мінезі де жайдары шықты. Келісім бойынша бірінші баланы бәйбішенің етегіне салдық. Ол бөлек тұрады. Біз үлкен үйдеміз. Апта сайын ол бізге, біз оған барып араласып тұрамыз. Шәй дескен кезіміз жоқ. Бар проблемам шешілген. Төркінімді де қарық қылып отырмын десем болады. Біреудің екіншісі екенмін, тоқал екенмін деп те өзімді қор санамаймын",-деп әңгімелеп берген келіншек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
3
1
1
1
31
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel