Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ардагерлердің есімі жазылған ескерткіштер қирап жатыр (видео)

Опубликовано:

Шымкентте Ұлы Отан соғысы жылдарында от кешкен ардагерлердің есімі жазылған ескерткіштер қирап жатыр. Бабаларының аты жазылған тастардың талқаны шыққанын көрген шымкенттіктер жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ескерткіштер. Видеодан скриншот
Ескерткіштер. Видеодан скриншот: UGC

Шымкент қаласы бұрынғы "Южполиметал" зауыты маңындағы Даңқ ескерткішінің бүгінгі халі адам көргісіз. Сонда да кешегі батырларды ұлықтаған бүгінгі ұрпағы мұнда кеп тағзым етіп, гүл шоқтарын əкеп тұрады екен.

Ұрпақ үшін жанын қиған кешегі батырлардың есімі жазылған ескерткіш тақталардан түк қалмаған. Ұмыт қалған, ескерусіз ескерткіш ешкімге керегі жоқтай. Қорғасын зауыты маңындағы бұл ескерткіш тіпті тарихи мұраны қорғау орталығының тізіміне де енбеген.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Қалалықтардың арасында бұл жер жекенің иелігіндегі жер, яғни қорғасын зауытының жері деген қауесет бар. Иесі банкрот болған соң банктің қарауында деседі.

Ал бұл обелискіде бабаларының аты-жөні жазылғандардың бүгінгі ұрпағы қынжылмасын деп сендірді Шымкент қаласының əкімдігі.

"Бұл аумақ жекенің иелігінде. Біздің білуімізше, мұнда қазір қайта құру, яғни демонтаж жүріп жатыр. Ал ардагерлердің есімдері Шымкент қаласы Абай саябағындағы Даңқ мемориалына қайта жазылған", - дейді қалалық əкімдіктің баспасөз қызметінен Ə. Жұмағұлова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731124-symkentte-ardagerlerdi-esimi-zazylgan-eskertkister-kirap-zatyr-video/

pixel