RU
Украинадан қуып жіберген журналист КТК арнасында жұмыс істеген
Жаңалықтар Әлемде

Украинадан қуып жіберген журналист КТК арнасында жұмыс істеген

Рассказать Вконтакте

9 мамыр күні Украина тарапы Ольга Юрьева есімді Қазақстан азаматшасын елден шығарып жіберді. "Россия-1" арнасының журналисі үш жыл бойы Украинаға кіре алмайды. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ольга Юрьева. Фото: Today.kz

Ольга Юрьева. Фото: Today.kz

"Мені елден шығаратын кезде бәрі украин тілінде сөйледі. Мен тілді түсінбейтінімді айтып, аударып беруді сұрадым. Олар құлақ асқан жоқ. Бар айтқандары, Мен "Россия - 1" телеарнасының журналисімін, сондықтан, Украина тұтастығына қауіп келтіреді екенмін", - дейді Ольга.

Ольга "Россия-1" арнасында жұмыс істегенімен, Қазақстан азаматтығын өзгертпеген. Ол бұған дейін КТК арнасында қызмет етіп, 2011 жылдан бері Маңғыстау облысындағы меншікті тілші болды.

2016 жылдан бастап КТК-ның Астана бюросында еңбек еткен.

Еске сала кетейік, Украина қауіпсіздік қызметі 9 мамыр күні Қазақстан азаматшасын елден шығарып жібергенін хабарлаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel