RU
Ерлі-зайыпты Ертаевтардың Қазақстанда қандай бизнес-активтері бар?
Жаңалықтар Қоғам

Ерлі-зайыпты Ертаевтардың Қазақстанда қандай бизнес-активтері бар?

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде ұсталған банкир Жомарт Ертаев пен оның жары Нұргүл Ертаеваның елімізде ірі кәсіптері жоқ болып шықты деп хабарлайды Today.kz.

Ерлі-зайыпты Ертаевтар. Фото: ашық дереккөзден алынды

Ерлі-зайыпты Ертаевтар. Фото: ашық дереккөзден алынды

Электронды үкіметтің мәліметіне сәйкес, Ертаевтың есімі республикалық "Құқық иелерінің Ұлттық бірлестігі" қоғамдық қауымдастығының құрылтайшыларының қатарында жүр. Банкирмен бірге тағы тоғыз адамның есімі аталған.

Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті соңғы үш жылда аталмыш бірлестіктің кірісі артқанын жазыпты.

Ал ашық мәліметтер қорында Жомарт Ертаевтың өзге қазақстандық активтері жайлы ақпарат жоқ.

Оның жары Нұргүл Ертаева соңғы жылдары РБК арнасында "Мәдениет бизнес ретінде" бағдарламасын жүргізеді.

Ертаева бұған дейін еліміздің ірі компаниялары мен банктерінде басшылық қызметте болған.

Нұргүл 2017 жылдың қазанына дейін Bank RBK директорлар кеңесінің құрамына енді. Әр жылдары еліміздің Қаржы министрлігінде, "Қазақстан темір жолы", "ҚазАгроФинанс" және "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамында жұмыс істеген.

Жомарт Ертаевтың барлық активі Қазақстаннан тыс жерде жатыр деп топшылауға болады. Ол "Тройка-Д Банктің" акционері болып табылады.

2017 жылдың тамызында "Тройка-Д Банктың" ресми сайтында Жомарт Ертаевтың акциясы бес пайыз екені жазылған.

"Тройка-Д Банк" – 2002 жылы құрылған ресейлік коммерциялық банк. Банктің сайтында 2017 жылдың шілдесінде Ертаевтың активі 10,8 миллиард рубль болғаны, 2017 жылдың алты айында таза кірісі 98,6 миллион рубльге жеткені айтылған.

Еске салсақ, Мәскеуде 8 мамыр күні Қазақстан ІІД Интерполының Ұлттық орталық бюросының сауалымен банкир Жомарт Ертаев ұсталды. Ертаевтың аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені айтылған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
2
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel